КӨРУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН КІТАПХАНА: ЖҰМЫС ФОРМАЛАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
- author Zhambylokq
- 31 шілде, 2025
- 359

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 1490 оқырманға қызмет көрсетілсе, соның ішінде 451-і – зағип жандар. Кітап қоры 40 мыңнан астам дананы құрайды. Жыл басынан бері кітапхана қорына 77 жаңа кітап қосылып, Брайль қарпінде 19 атаулы кітап жарық көрді.
«Әулиеата – кітап оқитын өңір» акциясы аясында 94 ірі іс-шара өткізіліп, 3200-ге жуық оқырман қамтылды. Ақын-жазушылармен кездесулер, әдеби кештер мен поэтикалық батлдар ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, республикалық деңгейде өткен Брайль қарпінде эссе жазу байқауы мен инклюзивті театр жобалары арқылы ерекше оқырмандардың шығармашылық әлеуеті ашылды.
Кітапханада құрылған «Мобильді кітапхана» жобасы арқылы арнайы орталықтарға QR-кодпен жабдықталған аудиокітаптар орнатылып, қолжетімділік артты. WhatsApp мессенджері арқылы жұмыс істейтін «Кітапхана оқырмандары» чаты мен «Жамбыл радиосындағы» Book FM жобасы – инклюзивті әдебиеттің жаңа форматын қалыптастыруда.
Кітапхана ұжымы биыл «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалінде «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.
Маңызды хабарлама: Тамыз айынан бастап Жамбыл облыстық арнайы кітапханасы жаңа мекенжайға – Тараз қаласы, Сүлейманова көшесі, 20 – көшетінін хабарлайды.
Ұқсас жаңалықтар
Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды
- авторZhambylokq
- 31 шілде, 2025