«ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ 3 КҮНДІК ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ
- author Zhambylokq
- 31 шілде, 2025
- 19

Іс-шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.
3 күндік іс-шара барысында, ІІО-на 281 кәмелетке толмағандар жеткізілді, оның ішінде түнгі уақытта - 279. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 7 жасөспірім орналастырылды, оның ішінде түнгі уақытта - 5.
Әр түрлі себептермен 21 кәмелетке толмағандар және балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын 7 ата-ана есепке қойылды.
Полиция қызметкерлерімен есепте тұрған кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша – 195 тексерілді.
«Мүлдем төзбеушілік» бойынша 317 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, олардың ішінде, ӘҚБтК-нің 127-бабы (өз балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін орындамау) бойынша - 25, 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша - 2, 132-бабы (кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) - 11, 442-бабы (кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде /сағат 22.00-ден кейін/ және үйден тыс /сағат 23.00-ден кейін/ заңды өкілдерінсіз жүру) бойынша - 279.
Іс-шараны жүргізу және нәтижесі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 113 құжаттар жарияланды интернет-қорында - 100, басылымдарында – 13 жарық көрді.
Жасөспірімдердің қатысуымен және оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстары Жамбыл облысы ПД басшылығының тұрақты бақылауында тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды
- авторZhambylokq
- 31 шілде, 2025