Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАҢА 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАҢА 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ
ашық
Мемлекеттің басым міндеттерінің бірі балалар мен жасөспірімдер үшін білім беру объектілерінде тәрбиелеудің, оқытудың, демалудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі уақытта білім беру нысандарында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар, білім бөлімдері өкілдерінен тұратын мониторингтік комиссиялар білім беру объектілерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексереді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен чек-парақтар әзірленіп және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселесі бойынша консультациялар өткізілуде. Облыстағы 520 мектептің 4 мектеп-бақшасы мен 8 мектеп-интернатты қоса алғанда, барлығы мониторингпен қамтылған.

Облыстағы 520 мектептің 447-сі мемлекеттік және 73-і жекеменшік.  Типтік ғимараттарда – 393 (75,5%), бейімделген ғимараттарда – 127 (24,5%) орналасқан. 400 мектеп (77%) орталықтандырылған, 118 (22,7%) - жергілікті сумен қамтамасыз етілген, 130 (25%) мектеп орталықтандырылған, 390 (75%) - жергілікті су бұрумен.  110 (21 %) мектеп орталықтандырылған, 410 (79%) – жергілікті (автономды) жылыту.

Балалар мен білім беру объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мақсатында санитариялық нормаларға сай келмейтін білім беру объектілерінің санын азайту жөніндегі мәселелерді шешуге бағытталған нысаналы индикаторлар айқындалды.

Қазіргі уақытта апатты және үш ауысымды мектептерді пайдалану мәселесі әлі де өзекті болып отыр.

Облыс аумағында 2 апатты мектеп, үш ауысымды 1 мектеп бар.

Апатты және үш ауысымды мектептер облыстық жоспарға енгізілген және білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөніндегі Жамбыл облыстық ведомствоаралық штабының бақылауында.

2025 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі, Білім Министрлігі, Қазақ тамақтану академиясы және ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сияқты халықаралық ұйымдар білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын және мектептегі тамақтанудың үлгілік перспективалық мәзірін әзірледі. Тамақтану стандартының негізгі артықшылықтары-тұзды, қантты және майды тұтынуды азайту, көкөністер мен жемістерді тұтынуды арттыру, ет ассортиментінің әртүрлілігі (жылқы еті), сондай-ақ мәзірден табиғи емес тағамдар мен тұз бен қант көп тағамдарды (шұжық өнімдері, ысталған ет, қант қосылған шырындар) алып тастау. Бұл семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа жұқпалы емес аурулардың даму қаупінің төмендеуіне әкеледі.

Жамбыл облысы бойынша мектеп тағамдарының перспективалық мәзірін Денсаулық сақтау басқармасы бекітеді.

Білім беру және тәрбие объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы салауаттылықты қамтамасыз ету мәселесі Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының бақылауында.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар