Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ
ашық
Ағымдағы жылдың басынан бастап Жамбыл облысының автожолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері 2 381 жолды тексеру жұмысын жүргізді. Бұл жұмыстар аясында 16 386 шақырым жол жабыны тексерілді.

Тексеру нәтижесінде жол-көлік инфрақұрылымына және көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты 10 579 түрлі кемшілік анықталды. Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін жол жөндеу ұйымдарының басшыларына 2 381 нұсқама берілді.

 

Автомобиль жолдарын тиісті деңгейде ұстамағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 293 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Шу және Меркі аудандары әкімдіктерінің өкілдері бар. Олар полиция қызметкерлерінің нұсқамаларын орындамағаны үшін жазаланды.

 

Берілген нұсқамалар негізінде облыс жолдарында ауқымды жұмыстар атқарылды:

•         518 жаңа жол белгісі орнатылды;

•         9 бағдаршам нысаны орнатылды;

•         11 325 шақырым жол таңбалары жаңартылды;

•         11 721 шаршы метр жол төсемі жөнделді;

•         30 жол буфері жаңартылды;

•         3 363 белгі беру бағаны орнатылды;

•         6 200 жарық қайтарғыш катафот қойылды;

•         4 102 метр қисық сызықты қоршау ауыстырылды;

•         730 метр жасанды жол бұдырлары қалпына келтірілді;

•         9 жол учаскесінде жыпылықтайтын шамдар, жануарлар мен патрульдік көліктердің макеттері орнатылды;

•         53 ауылдық жол учаскесінде шу жолағы жаңартылды.

 

Балалардың жолдағы  қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың маңындағы аумақтар тексеріліп, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар жаңартылып, тиісті жол белгілері орнатылды.

 

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өңірде жүйелі түрде жалғасуда. Әкімдік пен уәкілетті органдар, әсіресе, білім беру мекемелерінің маңында және қауіпті апатты жол учаскелерінде бақылауды күшейтуді жалғастырады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар