Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 7 КЕЛІДЕН АСТАМ ЕСІРТКІ ЗАТЫ ТӘРКІЛЕНДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 7 КЕЛІДЕН АСТАМ ЕСІРТКІ ЗАТЫ ТӘРКІЛЕНДІ
ашық
Жамбыл облысында полицейлер ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы №5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп жедел шара өткізді.

Жедел ақпаратты іске асыру кезінде күдіктінің тұрғылықты жеріне санкцияланған тінту жүргізілді. Тінту барысында аула аумағынан жалпы салмағы 7 келі 520 грамм болатын 46 түп қарасора табылды. Сонымен қатар, шаруашылық сарайдан салмағы 376 грамм кептірілген марихуана салынған пакет анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабы 3-бөлігі 2-тармағы — «Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған шаралар аймақта жалғасып жатқанын атап өтті.

«Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес — біздің басты басымдықтардың бірі. Жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты бірнеше дерек анықталды», — деп мәлімдеді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

Еске салайық, «Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқық қорғау органдары есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру деректерін анықтап, олардың таралуына тосқауыл қоюды көздейді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар