Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРАЖАТ
ашық
Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебі

2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясы денсаулық сақтау саласында тиімділік аудитін жүргізді.
Аудиттің мақсаты — тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында денсаулық сақтау субъектілеріне бөлінген қаражаттың, сондай-ақ жекелеген бюджеттік бағдарламалар мен активтердің тиімді және мақсатты пайдаланылуын бағалау болды.

Аталған іс-шарамен «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оған қарасты 14 мемлекеттік кәсіпорын қамтылды (оның ішінде 6 мекеме қосымша тексерумен қамтылған).

Аудит нәтижелері көрсеткендей, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себептері — тиісті деңгейде мониторинг пен бақылаудың болмауы.
Соның салдарынан мемлекеттік сатып алу және құрылыс салаларында заң бұзушылықтарға, құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалмауына немесе сапасыз орындалуына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу кезінде қолданыстағы заңнамалар талаптарының сақталмауына жол берілген.

Бұдан бөлек, медициналық ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделген нормалар мен ережелердің сақталмауы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіндегі негізділік пен тиімділік қағидаттарының бұзылуына әкелген.

2025 жылғы 11 қыркүйекте өткен отырыстың қорытындысы бойынша, Тексеру комиссиясы тиісті қаулы қабылдап, аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою және тиісті шаралар қабылдау жөнінде нұсқамалар мен ұсынымдар жолдады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар