
2023 жылғы 31 қазандағы №213 Жамбыл облысы әкімінің қаулысына сәйкес, облыс әкімдігінің ветеринария басқармасына қарасты қала және аудандардағы ветеринариялық станциялар біріктіріліп, қайта ұйымдастырылды. Қазіргі таңда кәсіпорында 1055 қызметкер жұмыс істейді. Облыс көлемінде 11 ветеринариялық бөлім және 160 ветеринариялық пункт жұмыс істейді, оның 143-і ғимаратпен қамтылған.
Кәсіпорын теңгерімінде 255 автокөлік бар, оның ішінде:
• 216 – Нива,
• 11 – Ssang Yong,
• 17 – ДУК,
• 36 – УАЗ маркалы автокөліктер.
Облыста 41 типтік үлгідегі биотермиялық шұңқыр жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, 20 инсинератор бар (15 стационарлық, 5 жылжымалы), оның 3-і уақытша жұмыс істемейді.
Сібір жарасы ошақтары бойынша 189 көмінді орны тіркелген, олардың барлығы қоршалып, «Қауіпті аймақ» белгісі орнатылған. Бұл ошақтар топографиялық картаға және Мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізілген.
Мал санағы:
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде:
• Мүйізді ірі қара – 504 147 бас
• Уақ мал – 3 835 222 бас
• Жылқы – 217 339 бас
• Түйе – 8 665 бас
• Шошқа – 4 760 бас тіркелген.
2025 жылы 1 492 781 бас төлдерді бірдейлендіру жоспарланған.
Қаржыландыру:
• Эпизоотияға қарсы шараларға облыстық бюджеттен 3,49 млрд теңге бөлініп, оның 2,1 млрд теңгесі игерілді.
• Республикалық бюджеттен 678,9 млн теңге бөлініп, 396 млн теңге игерілді.
2025 жылға бекітілген жоспар бойынша 16,5 млн профилактикалық манипуляция жүргізу жоспарланып отыр.
Эпизоотияға қарсы егулер (2025 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша):
• Оба – 412 421 бас ұсақ мал
• Аусыл – 517 033 бас ірі қара, 3 853 587 ұсақ мал, 2 430 шошқа
• Сібір жарасы – 481 343 ірі қара, 3 630 039 ұсақ мал, 167 526 жылқы, 4 100 шошқа, 8 017 түйе
• Қарасан – 45 250 ірі қара
• Брадзот – 261 180 ұсақ мал
• Лептоспироз – 7 000 ірі қара, 21 000 ұсақ мал, 1 500 жылқы
• Түйінді дерматит – 384 709 ірі қара
• Құтыру – 12 971 ірі қара, 65 357 ұсақ мал, 5 417 жылқы, 350 түйе, 15 600 ит
• Пастереллез – 9 200 ірі қара, 46 000 ұсақ мал, 4 000 жылқы
• Эктима – 200 000 ұсақ мал
Диагностикалық тексерулер:
Сарып ауруына – 5,7 млн зерттеу жоспарланған, бүгінгі таңда 3,7 млн диагностикалық тексеру жүргізілді.
Анықталған ауру ошақтары:
Жыл басынан бері облыс аумағында төмендегідей ауру ошақтары тіркелді:
• Құтыру – 3 жағдай
• Пираплазмоз – 2
• Сальмонеллез – 2
• Пастереллез – 2
• Анаэробтық энтеротоксемия – 1 жағдай
Аталған ошақтарда карантиндік шектеу енгізіліп, толық көлемде ветеринариялық-профилактикалық жұмыстар атқарылды.
Қорытынды:
Жамбыл облысының ветеринариялық қызметі облыс аумағындағы эпизоотиялық жағдайды бақылауда ұстап, мал ауруларының алдын алу және жою бойынша кешенді жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл жұмыстар халықтың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.