Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ШУ АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫ

ШУ АУДАНЫНЫҢ ДАМУЫ
ашық
Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы: негізгі көрсеткіштер және атқарылған жұмыстар

Шу ауданы 2024–2025 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда тұрақты өсім көрсетіп, барлық негізгі салалар бойынша шу оң динамикаға қол жеткізді.

Экономикалық өсім

Ауданның өнеркәсіп саласында 92,0 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 109% болды.
Ауыл шаруашылығы саласында 61,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, жоспар 100% орындалды.

Тұрғын үй беру көлемі 28,3 мың шаршы метрге жетіп, көрсеткіш 102,6% деңгейінде тіркелді.
Бөлшек сауда айналымы 27,8 млрд теңгені құрап, айтарлықтай өсім – 117,4% көрсетілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 34,1 млрд теңге,
ал негізгі капиталға тартылған инвестициялар 78,6 млрд теңгеге жетіп, өсім 145,3% болды.

Инвестициялар және индустриялық жобалар

Өңірге инвестиция тарту негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. 2024 жылы инвесторлармен 26, 2025 жылы 17 кездесу өткізіліп, нәтижесінде жалпы құны 1,039 трлн теңгені құрайтын 28 инвестициялық жоба қолға алынды. Оның 24-і «Jibek Joly» АЭА аумағында орналасқан.

Іске асырылған 7 жоба:

«Alstom» электровоз құрастыру зауыты – 5 млрд тг, 150 жұмыс орны.

«ХИМ-Плюс» гербицид зауыты – 26,3 млрд тг, 48 жұмыс орны.

«C9 Technologies» чек өнімдері цехы – 59,4 млн тг, 10 жұмыс орны.

«Chemical Engineering» аммоний бифториді өндірісі – 226 млн тг, 20 жұмыс орны.

«КПМ Пласт» құбыр шығару цехы – 193 млн тг, 25 жұмыс орны.

«ЭкоБәйшешек» өндірістік нысаны – 2,3 млрд тг, 30 жұмыс орны.

«КазТрубЗавод» НПВХ құбырлары өндірісі – 237 млн тг, 47 жұмыс орны.

Қазіргі таңда 8 жобаның құрылысы жүргізілуде, 13 жоба жобалау сатысында. Бұл кәсіпорындар толық іске қосылған кезде 5000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Стратегиялық жоба – «Shengtai Biotech Co» (Фуфенг)

Жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысына бүгінге дейін 40 млрд теңгеге жуық инвестиция салынды. Зауыт 2031 жылы толық қуаттылыққа шыққанда:

1500 жаңа жұмыс орны ашылады;

жылына 3–5 млн тонна өнім шығарылады;

кәсіпорын Орталық Азиядағы ең ірі өндіріс орындарының біріне айналады.

Индустриялық аймақтың аумағын кеңейту мақсатында «Jibek Joly» АЭА-ның бастапқы 505 га жеріне қосымша 700 га қосылды, тағы 1300 га бөлу мүмкіндігі қарастырылуда.

Жер ресурстарын басқару және жайылым мәселесі

Жайылым тапшылығын шешу мақсатында жер телімдерін ашигқа алу және қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 9 926 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
2025 жылдың соңына дейін 13 000 гектар жерді қайтару жоспарланған, оның 11 211 гектары қазіргі уақытта қайтарылды.

Ирригациялық жүйелерді жаңғырту

Аудандағы 95 канал кезең-кезеңімен жөндеуден өткізіледі.
ПУИД-2 жобасы аясында 15 канал толық жаңартылып, су берілді.
Қалған 80 каналдың 15-і биыл аяқталады, ал 65 канал 2029 жылға дейін жаңғыртылады.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету

2023–2024 жылдары 182 азамат баспаналы болды.
2025 жылы тағы 140 отбасы пәтер ала алады.

Дегенмен шешімін қажет ететін мәселелер бар:

Шу қаласындағы «Жетісу» мөлтек ауданындағы бос тұрған 4 көпқабатты үйді жөндеу жобасына инвестор табылмай отыр.

«Шебер Билд» ЖШС-нің жұмыс тоқтатуы салдарынан 80 пәтерлі үйдің құрылысы тоқтап, компанияны жосықсыз деп тану процесі жүріп жатыр.

Ауыз су және кәріз жүйесі

35 елді мекеннің 32-сі (91,4%) таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Биыл 5 нысан пайдалануға беріледі.

Шу қаласының кәріз жүйесі 36 жыл жөндеу көрмегендіктен өзекті мәселеге айналған. Құны 15 млрд теңге болатын жоба дайындалып, қолдау күтіп тұр. Жоба іске асса, кәріз желісі қаладан 11 шақырым қашықтыққа көшіріліп, қала экологиясы жақсарады.

Газдандыру

Аудандағы 35 елді мекеннің 19-ы (51,4%) газбен қамтылған. «Қонаев» ауылындағы АГРС құрылысы 2026 жылдың IV тоқсанында аяқталған соң, газ қысымы жеткілікті болып, тағы 10 ауылды газдандыру жоспарланып отыр.

Білім беру

2024–2025 жылдары:

3 жаңа мектеп,

4 жапсарлас ғимарат,

2 күрделі жөндеу жобасы іске асырылуда.

Жиенбет ауылындағы жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Мәдениет

Белбасар ауылында 100 орындық жаңа мәдениет үйі ашылды.
4 ауылдық клуб бойынша жобалық құжаттар дайын.
Апатты күйдегі 2 нысанды (Ақсу, Далақайнар) және басқа ауылдардағы клубтарды жаңғырту жұмыстары инвесторлар арқылы жалғасуда.

Спорт

2026 жылы Жаңажол және Шоқпар ауылдарында спорт кешендері ашылады.
Биыл аудан бойынша:

9 балалар ойын алаңы,

3 кіші футбол алаңы,

2 стрит-воркаут,

волейбол-баскетбол алаңы орнатылды.

Көкқайнар ауылында күрес залы пайдалануға берілді.

Жол инфрақұрылымы

2025 жылы ауданда 90,3 шақырым болатын 113 көше жөнделеді.
Бүгінде 69,2 шақырымды құрайтын 88 көшенің жұмысы аяқталды.

Шу қаласында 2023–2024 жылдары:

62 көше асфальтталды,

3 көшеге тротуар салынды,

16 көшеге шағал тас төселді.

Асфальтталған көшелердің үлесі 52%-дан 61%-ға өсті.
Жыл соңына дейін көрсеткіш 75,4%-ға жетеді.

Қала көркін жақсарту

Теміржол вокзалы мен Жеңіс саябағының жаңғырту жұмыстары басталып, саябақ құрылысы аяқталды.
Алдағы жылдары:

кәріз жүйесін жаңарту,

жылыту желілерін жөндеу,

су жүйелерін жаңғырту,

«Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру,

абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын кеңейту жоспарлануда.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар