Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ АРТТЫ

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ АРТТЫ
ашық дерек
Байзақ ауданында ағымдағы жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты болды. Аудан экономикасы негізгі бағыттар бойынша өсім көрсетіп, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларында нақты нәтижелерге қол жеткізді.

Өнеркәсіп және инвестициялар
Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімі 9,8 млрд теңге көлемінде өндіріліп, өсім 103,3%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 91%-ға жетіп, тауық өнімдері мен құрама жем, құрылыс материалдары өндірісі артты. Аудан экономикасына 23,9 млрд теңге инвестиция тартылып, оның 91,2%-ы жеке меншік қаражат болып отыр. Биыл 3,5 млрд теңгеге 2 жаңа өндірістік жоба іске асырылды, 43 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Ауыл шаруашылығы және су ресурстарын дамыту 
Ауыл шаруашылығы саласы 72,6 млрд теңге өнім өндіріп, өсім 24,6%-ға жетті. Дақылдардың егістік алқабы 58,1 мың гектарға ұлғайып, 342,4 мың тонна өнім жиналды. Мал шаруашылығында 22,3 мың тонна ет, 25,9 мың тонна сүт және 10,8 млн дана жұмыртқа өндірілді. Суармалы жерлерде су үнемдеу технологиялары енгізіліп, каналдар күрделі жөндеуден өтті.  

Тұрғын үй және инфрақұрылым
Жыл басынан 31,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудандағы 40 елді мекен газдандырылып, ауыз сумен қамтамасыз ету 100%-ға жетті. Автожолдардың сапасы жақсарды, аудандық жолдардың 98%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Әлеуметтік сала және білім
Әлеуметтік салаға 955,5 млн теңге бөлініп, 1 276 жаңа жұмыс орны құрылды. 38 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. 2 білім беру нысаны құрылыс сатысында, бір мектеп пайдалануға берілді, мектептер күрделі жөндеуден өткізілуде.

Денсаулық сақтау, спорт және мәдениет
Ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға берілді. Медициналық жабдықтар жаңартылып, қызметкерлердің біліктілігі артты. Спорт нысандары бой көтеріп, тұрғындардың 42,2%-ы спортпен жүйелі айналысады. Мәдениет саласында 120 орындық ауылдық клуб пайдалануға беріліп, халықтың мәдени инфрақұрылыммен қамтылуы 82,3%-ға жетті.

Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы айқын көрініс тауып, инвестициялық жобалар мен инфрақұрылымдық жұмыстар арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуда. Аудан тұрғындарының белсенділігі мен мемлекеттік қолдау арқасында өңірдің дамуы тұрақты қарқында жүргізілуде. 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар