ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ
- author Zhambylokq
- Бүгін, 15:42
- 129
Құрылым және негізгі бағыттар
Департамент 2 бөлімнен тұрады, штат саны – 9 қызметкер. Бөлімдер бағыттарына сәйкес, Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Ал Білім беру қызметін лицензиялау бөлімі лицензия беру, қайта рәсімдеу және апостиль қою қызметтерін атқарады.
Білім беру ұйымдары туралы жалпы ақпарат
Жамбыл облысында барлығы 1183 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдар – 621, жалпы орта білім беру ұйымдары – 520 және техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдары – 42 мекеме бар.
2025 жылы жүргізілген мониторинг және бақылау жұмыстары
Мемлекеттік бақылау барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, барлық ұйымдарға заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді. Профилактикалық бақылау шеңберінде 2025 жылы 13 мектеп пен 4 балабақша тексеріліп, нәтижесінде барлық мекемелерге заң талаптарын орындау бойынша нұсқамалар берілді. Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру кезінде 2 колледжге тексеру жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар бойынша 2 әкімшілік іс қозғалып, 45 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Лицензиялау және мемлекеттік қызметтер
2025 жылы лицензиялау бағытында 660 өтініш қаралып, оның 646-сы қанағаттандырылды, 14 өтінішке дәлелді бас тартылды. Апостильдеу бойынша 268 құжат қабылданып, 245-і рәсімделді. Лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін 6 мектепке әкімшілік хаттама толтырылып, 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
4 және 9 сынып оқушыларының кешенді тестілеуі
2025 жылы 78 мектепте кешенді тестілеу жүргізіліп, оның қорытындысында 7 мектеп шекті деңгейді орындай алмады. Қайта тестілеуден өткен 2 мектеп оң нәтиже көрсетті. Жалпы облыс бойынша білім көрсеткіші 76%-ды құрады.
Мемлекеттік аттестаттау
2025 жылы жоспарланған 203 мекеменің ішінде 193 мекеме аттестатталды. Оның ішінде 123 балабақша мен 70 мектеп бар. Ал 3 мекемеде жабылуына байланысты аттестаттау жүргізілмеді.
Жоспардан тыс тексерулер
2025 жылы E-Өтініш жүйесі және мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде 5 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктер расталып, тиісті нұсқамалар берілді. E-Өтініш жүйесі арқылы 370 өтініш түсіп, оның ішінде 288 – өтініш, 20 – шағым тіркелді.
Мектеп формасы бойынша жұмыстар
2025–2026 оқу жылында мектеп формасына қатысты бұзушылықтар тіркеліп, 16 ата-анаға әкімшілік іс қозғалды. 4 оқушы мектеп формасын сақтау міндеттемесімен қайта оқуға жіберілді.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес
2025 жылы өткізілген 6 отырыста 9 мәселе қаралды. Нәтижесінде 8 мектеп директорына ескерту берілді, 9 педагогтің құқықтары қорғалды.
Министрлік тапсырмалары бойынша мониторинг
Жыл бойы облыстың білім ұйымдарында қауіпсіздік, мектепішілік бақылау, бала тасымалы, сыртқы әжетханалар, реновация, кешкі мектептер және педагогикалық кеңестер бойынша мониторинг жүргізілді. Барлығы 116 мектепте қауіпсіздік, 26 мектепте ішкі бақылау, 24 нысанда бала тасымалы, 60 нысанда сыртқы әжетханалар, 10 мектепте реновация және 39 мектепте педкеңес жұмыстары тексерілді.
Жергілікті органдармен ынтымақтастық
2025 жылы облыс әкімдігінде 6 отырыс, облыстық мәслихатта 2 сессия өткізілді. Сонымен қатар, 67 азамат жеке қабылдауда болып, олардың мәселелеріне тиісті шешімдер қабылданды.
2026 жылға жоспар
2026 жылы департамент білім беру ұйымдарында қауіпсіздік, сапаны арттыру, заңнаманы сақтау, лицензиялау және білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау жұмыстарын жалғастырады. Негізгі мақсат – Жамбыл облысында білім сапасын тұрақты түрде арттыру және оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету.
Ұқсас жаңалықтар
БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ АРТТЫ
- авторZhambylokq
- 10 желтоқсан, 2025
2025 ЖЫЛЫ ОБЛЫСТА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР
- авторZhambylokq
- 10 желтоқсан, 2025




