ТАРАЗДА «ТӘУЕЛСІЗДІК» МОНУМЕНТІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ
- author Zhambylokq
- 17 желтоқсан, 2025
- 250
Салтанатты іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық және қалалық мәслихаттардың, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.
Жиналған қауым ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған ата-бабалардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігі мен еңбегін еске алды. Гүл шоқтарын қою арқылы қатысушылар бейбіт өмір мен азаттықтың қадір-қасиетін ұлықтап, егемен елдің болашағына деген сенімдерін білдірді.
Іс-шара барысында Тәуелсіздіктің ел дамуы үшін маңызы, мемлекет қалыптастыру жолындағы тарихи кезеңдер, сондай-ақ жас ұрпақтың отансүйгіштік рухта тәрбиеленуінің маңыздылығы атап өтілді.
Мерекелік рәсім ел бірлігін нығайтып, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін дәріптеуге бағытталған тағылымды шараға айналды.
Ұқсас жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫСЫМДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖОЙЫЛДЫ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026
ӨҢІРДЕ «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТӨРТ ШОМЫЛУ ОРНЫ БЕКЕТІЛДІ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026






