Жаңалықтар
АУДИТОРЛАР 5,6 МЛН ТЕҢГЕГЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАДЫ
- author Zhambylokq
- 23 қаңтар, 2026
- 201
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 18 832,8 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, 5 668,6 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар тіркелген.
Оның ішінде 55,3 млн теңге бюджетке өтелуге жатса, нақты 33,1 млн теңге бюджетке қайтарылып, бұл көрсеткіш 59,8% орындалғанын көрсетті. Сонымен қатар, 939,2 млн теңге қалпына келтіруге жатқызылып, оның 827,3 млн теңгесі орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер есебінен қалпына келтірілді, бұл 88,1% деңгейінде.
Бұдан бөлек, 4 674,1 млн теңге көлемінде бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар, 13 164,1 мың теңге рәсімдік сипаттағы заңбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 3 780,0 мың теңге көлемінде заңсыздықтар тіркелген.
Аталған фактілер қаржы тәртібін күшейту, бақылау тетіктерін жетілдіру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану қажеттігін көрсетеді.
Келесі мақала
2025 ЖЫЛЫ СОТ ҮКІМІМЕН 1 268 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚАРАЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҒАРЫШТЫҚ БАҚЫЛАУ: ОБЛЫСТА 304 ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ҮЙІНДІСІ АНЫҚТАЛДЫ
- авторZhambylokq
- 6 наурыз, 2026






