Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Ашық
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен облыстық актив отырысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы таныстырылды.

Басқосуға Тараз қаласы мен аудан әкімдері, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік органдар мен басқармалардың, кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. 

Алдымен облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның мүшесі Абдалы Нұралиев жаңа Ата Заң жобасының мәні мен маңызы, оның негізгі ерекшеліктері, сонымен бірге комиссия қызметі туралы сөз сөйледі. 

 

– Конституция – мемлекеттің іргетасы, қоғамдық келісімнің өзегі, азамат пен мемлекет арасындағы сенімнің құқықтық кепілі. Сондықтан Негізгі заңды жаңарту – бүкіл қоғамның тағдырына әсер ететін тарихи қадам.

 

Конституциялық комиссия құрамында өңірлік өкілдік қамтамасыз етілді. Еліміздің барлық аймағынан, оның ішінде өңірлік мәслихаттардың төрағалары, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен тәжірибелі жергілікті мамандар тартылды. Бұл Конституция жобасында тек орталықтың ғана емес, өңірлердің де мүддесін ескеруге мүмкіндік берді.

 

Конституциялық реформа қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтып, азаматтардың саяси жауапкершілігін арттырады. Бұл қадам Қазақстанның құқықтық мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп, азаматтық қоғам мен демократиялық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді, – деді ол.

 

Сонымен қатар облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Батырбек Құлекеев пен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков жаңа Конституция жобасын қолдап, бұл бастама елдің ертеңіне берік негіз қалайды деген сенім білдірді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар