Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ОРАЗА 2026: АЛҒАШ АУЫЗ БЕКІТКЕНДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

ОРАЗА 2026: АЛҒАШ АУЫЗ БЕКІТКЕНДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?
ашық дерек
Ораза - рухани тазару мен сабырды талап ететін қасиетті құлшылық. Рамазан айында алғаш ауыз бекіткен сәттен бастап мұсылман адам күн тәртібін, ниетін және мінез-құлқын ерекше назарда ұстауы тиіс. 2026 жылғы Оразаны дұрыс әрі сауатты өткізу үшін төмендегі жайттарға мән берген жөн. режимін реттеңіз. Таңғы және кешкі асты уақытылы ішіп үйреніңіз.

Ораза басталғанда дейін бірнеше күн бойы бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз. 

Сәресі - оразаның берекесі. Таң атпай тұрып, жеңіл әрі қуатты ас ішу:

күні бойы әлсіздіктің алдын алады;

асқазанға салмақ түсірмейді;

оразаны жеңіл өткізуге көмектеседі.

Сәреде су ішуді ұмытпау маңызды. Сәресінде күрделі көмірсулар: ботқа қара нана көкіністер. Ақуыз: жұмыртқа, ет, сүзбе.  Ауызашарда  асқазанға салмақ түсірмес үшін жеңіл тағамдар ішкен жөн. Сүт өнімдері, құрма,сорпа. 

Тамақтануда шектен шықпау

Алғаш ауыз бекіткен күндері майлы, ауыр тағамдардан бас тартқан дұрыс. Көкөніс, ботқа, ақуызға бай тағамдар ағзаны бейімдеуге көмектеседі.

Денсаулыққа мән беру

Егер адамда созылмалы аурулар болса немесе денсаулығы сыр берсе, дәрігер кеңесін алғаны жөн. Исламда денсаулыққа зиян келтіру құпталмайды, сондықтан шариғатта жеңілдіктер бар.

Сабыр мен мінез-құлық

Ораза тек ішіп-жеуден тыйылу емес. Бұл - жаман сөзден аулақ болу, ашуға берілмеу, өсек пен ғайбаттан сақтану.
Алғашқы күндері сабыр ерекше қажет.

Құлшылыққа көңіл бөлу

Рамазан - Құран оқып, дұға жасап, ізгі амалдарды көбейтетін ай. Алғаш ауыз бекіткен күннен бастап осы әдетті қалыптастыру — оразаның шынайы мәнін арттырады.

2026 жылғы Оразаны дұрыс бастау - бүкіл Рамазанның берекесіне жол ашады. Ниет таза, ас мөлшерлі, ой мен іс ізгі болса, ораза адамға рухани күш пен тыныштық сыйлайды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар