Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға Тараз қаласынан және Сарысу, Шу, Меркі, Жамбыл Байзақ аудандарынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, Ұлбала Кулыбекова есімді тараздық жеке кәсіпкер шағын бизнесін алма сақтауға тоңазтқыштар және өңдеуге арналған техникалармен жабдықтауды сұрайды. Ал меркілік Ербол Трибосынов өңірлік спорт саласына қатысты жобасын ұсынып, қолдау көрсетуді сұрады. Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығу және өзге де мәселелерді көтерді. Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Келесі мақала
Облыс әкімінің Қордай ауданындағы жұмыс сапары басталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫСЫМДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖОЙЫЛДЫ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ӨҢІРДЕ «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТӨРТ ШОМЫЛУ ОРНЫ БЕКЕТІЛДІ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026






