Жаңалықтар
Облыс әкімінің Қордай ауданындағы жұмыс сапары басталды
- author Zhambylokq
- 13 қазан, 2023
- 61
Облыс әкімінің Қордай ауданындағы жұмыс сапары басталды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің Қордай ауданына жұмыс сапары Гвардейск қалашығындағы «ОtarBioPharm» ЖШС-нің қызметімен танысудан басталды. Тиісті өндірістік практиканың (GMP), ветеринариялық және медициналық мақсаттағы талаптарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттар шығаруға негізделген зауыт 2021 жылы пайдалануға берілген. Кәсіпорында 90 адам жұмыс істейді. Бұдан соң аймақ басшысы «BSL-3» өндірістік цехының құрылысын көрді. Қазіргі таңда биофармацевтикалық зауыт құрылысының екінші кезеңі аяқталып, тиісті жабдықтар жеткізілген. Ол бойынша Биозауыттың өндірістік қуатын айына 500 мыңнан 2,0 млн. дозаға дейін арттыру көзделген. Соған сәйкес, «Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт базасында субстанциялар өндіру жөніндегі цех» (BSL-3) жобасының құрылысы жүзеге асқан. Бүгінде өндірістік кесте бойынша инженерлік желілер мен негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Фармакологиялық жабдықтар 100 пайыз жеткізілген. Жоба 2024 жылдың басында толығымен іске қосылады деп жоспарлануда. Аймақ басшысы жобаның маңыздылығын баса айтып, жауаптыларға жұмыстардың сапалы әрі тиісті мерзімде атқарылуын бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі қызметкерлерге арналып салынған 180 пәтерлі жатақханамен спорт кешенін көрді. Гвардейск әскери гарнизонының жұмысына, ифрақұрылымға қатысты мәселелеріне қанықты. Аудан әкімі Бекзат Болатбеков қалашықтың инфрақұрылымын жаңғырту бойынша келер жылға жоспарланған жобалардың бар екенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024