Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына сәйкес атқарылған жұмыстар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына сәйкес атқарылған жұмыстар
ашық дерек
Автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде облыс аумағында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге автожолдарға орташа жөндеу жүргізуге арналған келісім-шарттар бойынша 112 көше жолын жөндеу немесе кепілдік мерзіміне сәйкес келтіру тәжірибесі тиісті түрде орындалмайтыны анықталды.

Департаменттің ұсынысымен 2024 жылғы мемлекеттік сатып алу шарттарына қосымша келісім жасау арқылы нысандардың кепілдік мерзімін 2 жылға созу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған 9 ауылдық округ әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.

 

Жамбылдағы «Райс» каналында анықталған кемшіліктер қайта қалпына келтірілді

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.

Жамбыл ауданының 3090 гектар егістік жерін сумен қамтамасыз ететін ұзындығы 32 шақырымды құрайтын «Райс» каналын реконструкциялауға 1,8 млрд тг бөлінген.

Алайда, жобадағы сәйкессіздіктер салдарынан каналдың 2,8 км құрайтын аумағында ені 3,5 метрді құрауы тиіс болған жері 2 метрге дейін кішірейген. Бұл судың сыртқа төгілуіне және кейіннен канал қабырғаларының бұзылуына әкелген.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді сумен қамтамасыз ету саласына жүргізілген мониторинг нәтижесінде, аталған кемшілік салдарынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің суды толыққанды алуына кері әсерін тигізгені анықталды.

Департаменттің ұсынысына сәйкес «Райс» каналындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарына мердігер мекеме тарапынан 180 млн теңгеге қосымша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 62 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері суармалы сумен қамтамасыз етілді.

 

Жамбылда ауылшаруашылық субсидиялары кезексіз беріліп келген

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.

Субсидиялау саласына жүргізілген мониторинг барысында субсидия төлеу кезінде кезектілікті жүйелі түрде сақтамау, субсидияны уақытылы төлемеу және жекелеген шаруаларға артылықшылық көрсету түріндегі жемқорлыққа алып келетін тәуекелдер анықталған.

Мысалы, 2023 жылғы шілде айында кезекке тұрған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдерінен бұрын, кезекке кейінірек тұрған, яғни 2023 жылдың қазан айындағы өтінімдер қаралып оларға субсидия төленгендігі белгілі болды. 

Аталған кемшіліктер субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен «Қазынашылық» ақпараттық жүйелері арасында интеграцияның жоқтығынан және жекелеген қызметкерлерде дискрециялық өкілеттіктердің болуынан орын алған.

Департаменттің ұсынысынан кейін облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы субсидия төлеу бойынша төлем құжаттарын қарау алгоритмін бекітті және дер кезінде қаралмаған 243 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің субсидиялары төленді.

 

Жамбылда 515 кәсіпкердің құқығы қорғалды

 

«Бизнеске жол» жобасы аясында субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша заңсыз бас тарту фактілері орын алғаны белгілі болды. 2024 жылдың бірінші тоқсанында келіп түскен өтінімдердің 1294-і мақұлданып, 515 кәсіпкерге заңсыз бас тартылғаны (оның ішінде 196 кәсіпкерге екі рет бас тартылғаны) анықталды.

Департаменттің ұсынысымен заңсыз бас тартылған кәсіпкерлердің өтінімдері қайта қаралды. Нәтижесінде 515 кәсіпкердің өтінімдері бойынша оң шешім қабылданып, құқықтары қорғалды.

Аталған кемшіліктер нормативтік құқықтық актілерінің жетілмеуі салдарынан орын алып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына себеп болған.

Өз кезегінде Департамент тарапынан тәжірибені толығымен тоқтатып реттеу үшін, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне, ереже мен қолданыстағы «Еңбек нарығы», «Еңбек.КЗ» АЖ-не тиісті өзгерістер енгізуге ұсыныс берілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.

 

Жамбылда 937 млн тг бюджет қаражаты үнемделді

 

Департамент тарапынан мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген мониторинг нәтижелері мен енгізілген ұсыныстары нәтижесінде мемлекеттік мекемелердің 100-ден астам сатып алу жоспарлары қайта қаралып, 937 млн тг бюджет қаражаты үнемделді.

Мәселен, Қордай ауданының білім бөлімі 52 жаңа үлгідегі оқу кабинеттерін жабдықтау үшін 367,5 млн теңгеге сатып алуды ұйымдастырмақ болған. Алайда, мониторингпен аталған кабинеттердің бағасы 26 млн теңге сомасына асыра бағаланғаны белгілі болып, ұсыныс негізінде мемлекеттік сатып алу жоспарының бағасын төмендету жағына қарай қайта қаралды.

Ал, Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің Үкіметтің дайын тұрғын үйлерді сатып алу туралы қаулысына қарамастан 91,6 млн теңгеге үй құрылысын салу үшін техникалық қадағалау қызметін негізсіз жоспарлағаны анықталып, Департаменттің араласуынан кейін аталған сатып алу тоқтатылды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар