Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«QazaqGaz Aimaq» АҚ ЖӨФ инвестициялық бағдарламаның іс –шаралары

«QazaqGaz Aimaq» АҚ ЖӨФ инвестициялық бағдарламаның іс –шаралары
ашық дерек
2024 жылғы 10 қазан күні Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті БАҚ қатысуымен «QazaqGaz Aimaq» АҚ ЖӨФ инвестициялық бағдарламасының жобасын іске асыру бағытында атқарып отырған жұмыстары бойынша баспасөз турын өткізуде.

Аталған іс-шараға Департамент басшысы Алмат Аблайханұлы Абдрайхан, депуттар, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық тұрғын – үй шаруашылық басқармасының, «Amanat» партиясының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ-ның және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының өкілдері  қатысты.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының (бұдан әрі – Филиал) бекітілген инвестициялық бағдарламасында 2024 жылға жалпы сомасы 37,254 млн. теңгеге жұмыстар көзделген, оның ішінде:

– 34,350 млн. теңгеге 34 бірлік шкафты реттеу пункттерін (бұдан әрі – ШРП) ауыстыру;

– газ реттеу пункттеріндегі (бұдан әрі – ГРП) 7 реттегішті 2,904 млн.теңгеге ауыстыру.

Жоғарыда аталған жұмыстардың негізгі мақсаты тұтынушыларға газдың апатсыз және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету және 30 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан тозған жабдықтармен байланысты апаттық жағдайлардың санын азайту болып табылады.

Жабдықтың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты инвестициялық бағдарламаны толық көлемде орындау мақсатында Филиал ШРП-ны ауыстыру жөніндегі жұмыстардың сметалық құнын қайта қарады және ШРП-ны орнатуға байланысты қосымша материалдар мен жұмыстарды азайтты. Үнемделген қаражат ГРП-дегі реттегіштерді ауыстыру жұмыстарына қосылды.

Нақты инвестициялық бағдарлама 37,793 млн. теңгеге орындалды, оның ішінде:

– 34 бірлік шкафты реттеу пункттерін (бұдан әрі-ШРП) 28,629 млн. теңгеге ауыстыру;

– газ реттеу пункттеріндегі 6 реттегішті (бұдан әрі-ГРП) 9,164 млн.теңгеге ауыстыру.

 

 

 

ҚР ҰЭМ ТМРК Жамбыл облысы бойынша департаменті,

тел. +7 (7262) 45-24-24

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар