Нысаналы гранттардың өсуі және әлеуметтік төлемдердің бірыңғай пакеті. Денсаулық сақтау министрлігі кадр тапшылығын қалай шешеді
- author Zhambylokq
- 14 қазан, 2024
- 44
Оның айтуынша, ведомство кадрлық әлеуетті нығайту үшін соңғы 2 жылда кадрларды даярлауға арналған нысаналы гранттарды 2 есе ұлғайтты. Ауылға медициналық кадрларды тарту үшін әлеуметтік төлемдердің бірыңғай пакеті әзірленді.
«Ауылдық жерлерде жұмысқа кіріскен жас мамандар көтерме жәрдемақы, ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйге несие, жалақыға қосымша ақы алады. 2024-жылдың қаңтар айынан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандарға берілетін бюджеттік кредит мөлшері 2,5 мың АЕК-ке дейін немесе 9,2 млн теңгеге дейін ұлғаяды, ауылдық елдімекендер үшін 2 мың АЕК – 7,3 млн теңгеге дейін өсті», – деп атап өтті спикер.
Ауылдық жерлерге жұмысқа келетін мамандықтар бойынша медицина қызметкерлері 100 ЕТЖ - 8,5 млн теңге алады. Еліміздің жетекші орталықтары мен шетелдік клиникалар базасында мамандарды үздіксіз оқыту және даярлау жүргізіледі.