Қордай ауданында жыл соңына дейін 4 елді мекенге ауызсу тарту жоспарлануда
- author Zhambylokq
- 14 шілде, 2025
- 228
Аудан әкімдігі тарапынан жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрайтын 10 елді мекенде ауызсу желілерінің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Ноғайбай, Отар, Қордай, Қайнар, Степное, Қарасу, Еңбек, Сарыбұлақ, Соғанды және Бәйтерек ауылдары орталықтандырылған таза ауызсумен толық қамтамасыз етілді.
Бүгінгі таңда тағы 4 елді мекенде – Шарбақты, Күнбатыс-2, Алға және Гвардейск ауылдарында ауызсу құрылыстары қарқынды жүргізілуде.
Сонымен қатар Қарасай батыр, Қызылсай, Керу, Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр, Кенен, Бел, Жаңатұрмыс және Күнбатыс-1 ауылдарын тіршілік нәрімен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жобалаушы мекемелермен келісімшарттар жасалды.
Жамбыл облысында биыл 15,4 млрд. теңгеге 36 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамту жоспарлануда.
Нәтижесінде өңірдегі ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтылу деңгейі 100%-ды құрайды
Ұқсас жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҮШ АУЫСЫМДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖОЙЫЛДЫ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026
ӨҢІРДЕ «КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТӨРТ ШОМЫЛУ ОРНЫ БЕКЕТІЛДІ
- авторZhambylokq
- 16 қаңтар, 2026






