Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫ САҚТАЛАТЫН АЛҒАШҚЫ МҰРАҒАТ ҒИМАРАТЫ САЛЫНУДА
- author Zhambylokq
- 28 шілде, 2025
- 440

Жамбыл ауданының әкімшілік және мәдени өмірінде маңызды оқиға орын алуда – ауданда алғаш рет архивтік құжаттарды сақтауға арналған арнайы мұрағат ғимаратының құрылысы басталды. Нысан Аса ауылдық округінің орталығы – Аса ауылында бой көтеруде.
Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың 4 желтоқсанында басталған. Жауапты мамандардың айтуынша, нысан 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталады.
Жобаның жалпы құны – 424,6 миллион теңге. Бүгінгі күнге дейін 10 миллион теңге көлемінде қаржы игерілген.
Бұл ғимарат аудандағы тарихи, әкімшілік және мәдени маңызы бар құжаттардың жүйелі түрде сақталуын қамтамасыз етеді. Бұған дейін аудан аумағында архив қорын сақтауға арналған жеке ғимарат болмаған. Сондықтан бұл жоба – Жамбыл ауданындағы алғашқы архивтік инфрақұрылым ретінде тарихи мәнге ие.
Жаңа нысан заманауи талаптарға сәйкес салынып, қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл ауданның архив ісінің сапасын арттырып, болашақ ұрпаққа құнды деректерді мұра етіп қалдыруға жол ашады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды
- авторZhambylokq
- 31 шілде, 2025