ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ
2025 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланды. Осыған орай, Тараз қаласының 4 мектебінен 150 оқушыға “Казфосфат” ЖШС-нің Жаңа Жамбыл фосфор зауытына экскурсия ұйымдастырылды.