Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша МӘСҚ-тен 1 млн астам адам әлеуметтік төлем алды
2024 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 млн астам қазақстандық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бес әлеуметтік тәуекел бойынша 453 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.